tarbieshi.kz

Uncategorized

Әкелер күніне орай өткізілген іс-Шара

18 маусым күні Әкелер мерекесі деп бекітілді. Мереке құрметіне орай Астана қаласының ботаникалық саябағында үлкен іс-шара ретінде атап өтілді. Әр түрлі Ән, күй би арасында ғылыми жұмыстардан да кенде қалған жоқ. STEAM KZ командасы өздерінің STEAM жобаларын әкеліп Ата-аналар балаларымен бірге әр түрлі STEAM жобалар жасады

Әкелер күніне орай өткізілген іс-Шара Read More »

Балабақшалар арасындағы STEAM жобалар

STEAM.kz платформасын қолданушы балабақшалар арасында, STEAM әдістемесіне деген қызығушылықтарын арттыру үшін сайыс өткізілді. Сайысқа 12-ден астам балабақша тәрибешілері қатысты. Тапсырма steam.kz платформасындағы жобаларды жасап креативті түрде видеолар түсіріп әлеуметтік желіге жүктеу керек болды. Ең көп жоба орындап сонымен қатар өздерінің платформаны қолдану барысынды үйренген дағдыларын қолдана отыра авторлық жобаларын жасап сайысты

Балабақшалар арасындағы STEAM жобалар Read More »

Family STEAM Challenge

Балалар жылына орай «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Steam Lab» компаниясымен бірлесіп «Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысын ұйымдастырды. Мамыр айының 10-30 аралығында онлайн өткен іріктеу сынына еліміз бойынша 444 отбасы тіркелді. Байқау шарты бойынша олар қолжетімді материалдардан «Steam Lab» компаниясы көрсеткен жобаны жасау барысын бейнероликке түсіріп, инстаграм парақшаларына жүктеді. Арнайы комиссия әр бейнероликті қарап, жұмыстың сапасына, уақытына, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа мұқият мән берді. Нәтижесінде әр өңірден үздік деп танылған 16 жоба екінші кезеңге жолдама алды. Республика көлемінде өткен «Family Steam Challenge – 2022» жобасының мақсаты оқушылардың жаратылыстану пәндері мен техникалық ғылымдарға деген қызығушылығын арттыру, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету. – Қазіргі заманғы отбасы бейнесін қалыптастырып, отбасылық және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. «Steam» дегеніміз күнделікті тұрмыста пайдаланатын және керексіз заттардан пайдалы танымдық дүниелер жасау. Осы арқылы біз техникалық ғылымдарға арнайы құрылғыларды сатып алмай үйдегі қолданыстан шығып қалған заттардан қажетті құралдарды жасауға болатын көрсеткіміз келді

Family STEAM Challenge Read More »